Ардагерлерге ақ дастархан жайды

23.03.2018
Қаралды: 497

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мен Шымкенттегі Асанбай Асқаров қорының ұйымдас­тыруымен қалада тұратын 200-ге жуық ардагер аға-апаларға арнайы Наурызкөже дастарханы жа­йылды. Бұл ерекше іс-шара «Нұрлы жол» атты мейрамханада өтті.


Наурызкөже дастарханы басында елге сыйлы ағалар Наурыз мерекесіне орай ізгі тілектерін айтып, ақ баталарын берді, өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

 

Жиылған көпшілікке әдемі әсер сыйлаған мерекелік бас қосудың соңында осы іс-шараның ұйымдастырушылары – Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаев пен Асанбай Асқаров қорының төрағасы, белгілі кәсіпкер-меценат Дәуренбек Сандыбаев ардагерлерді Нау­рызбен құттықтай отырып, оларға деген ниет тілектерін айтты, ризашылық сезімдерін білдірді.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ