Омыртқа жарығынан айықтыратын адам

23.03.2018
Қаралды: 837

Бүгінде ел арасында омырт­қа жарығынан (грыжа) зардап шегіп жүрген жандар баршылық. Өзім де сондайлардың бірі едім, оның азабын төрт-бес жыл тартқанмын.

 

Аудандық, облыстық ауруханалардың неврология бөлімдерінде емделіп, түбегейлі нәтиже болмағасын біреулерден естіп Кенжетай Бегларов деген емшіге (суретте) көрінгенмін. Аз ғана күн со­ған емделіп, дертімнен айыққаныма да, міне, 6 жылдың жүзі болыпты, қа­зір мені омыртқа мазаламайды. Осы орайда қажет еткен жандарға жәрдемі болар деген оймен Кенжетай қажы туралы газетке жазуды ұйғардым.

 

Кенжетай емші омыртқа жарығына, остеохондрозға, буындар қақсауына қарсы өзінің арнайы емін қолданады, денені тұздан арылтады. Омыртқа жарығын емдеуде фитобөшке мен аспа кереуетті қолданады. Ем томография арқылы анықталған диагнозға қарай жасалады. Осындай әдіспен ол бүгінге дейін жүздеген адамдарды дертінен құтқарған. Бұл жөнінде арнайы журнал­ға қарап-ақ білуге болады. Оның емдеу ақысы да аса қымбат емес, қолжетімді. Кейде адамның жағдайына қарап жеңілдіктер де жасайды. Алдына алыс­тан баратын адамдар үшін де жатын орын мен тамақ жағын ұйымдастырып қойған.

 

Кенжетай қажы кезінде «грыжамен» өзі де ауырып, көп емделген екен. Кейін бойына қасиет қонғанын мойындап, емшілікпен айналыса бастаған.  Бүгінде ол республикалық емшілер қауымдастығының мүшесі, ем жүргізуге құқық беретін сертификат иегері. Өзінің ұлы Ділмұрат, қызы Гүлмира, немересі Бахром сияқты бірнеше шәкірттеріне емдік әдіс-тәсілдерін үйретіп жүр.

 

Емші бүгінде Сайрам ауданының Манкент ауылындағы Фуркат көшесі, №1-үйде тұрады. Онымен 8(72531)-6-00-40, 8-778-690-58-07, 8-778-465-11-45, 8-707-742-45-25 телефондары арқылы байланысуға болады.

Сертификат №0848, 6.04.2016 жылы республикалық Рухани емдеу орталығы берген.

 

 

Айдарбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ.

Шымкент қаласы.

Айдарбек Қыдырбекұлының

байланыс телефоны:

8-702-485-01-83.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ