«Ашық есік» күні өткізіледі

20.03.2018
Қаралды: 189

Шымкенттегі Абай ауданы тұрғындарының назарына!

 

 

Алдағы 26-наурыз күні сағат 9.00 – 18.00 аралығында аудан аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлер, тұрғындар арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбымен «Ашық есік» күнін өткізу жоспарлануда. Осыған орай халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына қатысты қандай да бір шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер бойынша, құқықтарыңыздың бұзылуы, сыбайлас жемқорлық себебінен құқықтарыңыз бұзылуы және тағы басқа мәселелермен Шымкент қаласының Абай ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына (Шымкент қаласы, Абай даңғылы, №37 «А» үй) келіп жүгінулеріңізге немесе «Сенім телефоны» (8(7252)40-71-65) арқылы хабарласып, кеңес алуларыңызға болатынын хабарлаймыз.

 

Шымкент қаласының Абай

ауданы қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ