Болатбек Төлеген босатылды

19.03.2018
Қаралды: 420

Пара алған деп айыпталған Оң­түстік Қазақстан облыстық ішкі сая­сат басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Төлеген бостандыққа шықты.

 

Шымкенттің Абай аудандық соты оған 40 миллион 547 мың 840 теңге айыппұл салды,  мемлекеттік қызметте жоғары лауазым иелену құқынан өмірлікке айыру жазасына кесті.  Б.Төлегенге аталған сомадағы қаржыны төлеуге 1 ай мерзім берілді.

 

Б.Төлегенге алғашында жеке кәсіпкерден 2 миллион 100 мың теңге пара алған деген күдік келтірілгені белгілі. Сот барысында басқасы дәлелденбегендіктен прокурор шешімімен пара сомасы 600 мың теңгеге шегерілген. Яғни Б.Төлегенге 600 мың теңге пара алған деген айып тағылды.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ