«Кемеқалған» басына мыңдаған көшет егілді

19.03.2018
Қаралды: 174

Кешегі аптада «Рухани Қазына» кіші бағдарламасына қатысты «Табиғат – тіршілік нәрі» кіші жобаcының шеңберінде «Қазығұрт – Кемеқалған» киелі орнын көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық жобалық кеңсесі, облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы және Қазығұрт ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

 

Жастар мен азаматтардың өз Отанына, туған жеріне сүйіспен­шілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өте сәтті өтті десек болады. Алдымызда халқымыздың тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін зерделеп, қастерлі жерлерімізді дамыту арқылы оларды ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру мақсаты тұрғаны белгілі. Осы орайда аталған жұмыстар да бұл мақсаттың бір бөлшегі ретінде іске асырылды.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кең­сесінің бастамасымен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен облыстық «Жасыл ел» жасақшылары жұмылып,  Қазығұрт тауындағы «Кемеқалған» киелі орнын көгалдандыру жұмыстарын қолға алды. Бұл іс-шара кезінде 1300-ге жуық әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Жалпы, бұл игілікті іске мыңнан аса адам барып қатысты.

 

Жастардың флеш-моб жасап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипін, құстың бейнесін жасауы жұртшылықты әдемі әсерге бөледі. Көпшілікке арнап палау пісірілді, наурызкөже таратылды.

Мұндай игілікті іс-шаралар ал­дағы уақытта да лайықты жалғасын таба береді деп сенеміз.

 

Сандуғаш ОСПАНОВА,

«Рухани қазына» кіші

бағдарламасының менеджері.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ