Ұлықбек Есдәулет – Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы

19.03.2018
Қаралды: 711

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының XV құрылтайы болып өтті. Онда аталған одақты 1996-жылдан бері басқарып келген ақын Нұрлан Оразалин өз еркімен қызметін тапсырып, басқарма төрағасы қызметіне ақын Ұлықбек Ес­дәулет сайланды.

 

Ұлықбек Оразбайұлы Ес­дәулет – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Мемлекеттік сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Ол 1954-жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Үлкен Қаратал ауылында өмір­ге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Мәскеу­дің Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстың поэзия бө­лімін  бітірген.

 

Ұ.Есдәулет еңбек жолын Шы­ғыс Қазақстан облыстық газетінде корректор болып бас­таған. «Қазақстан пионері» газетінде – бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында, Қазақ телевизиясы жас­тар редакция­сында – редактор, Жазушылар одағының басқармасында – хатшы, «Жас қазақ», «Қазақ әдебиеті» газетте­рінде бас редактор болып еңбек еткен. Елі­міздің Сыртқы істер минис­трлігінде, Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министр­лігінде, Пре­мьер-министр Кең­се­сінде жауап­ты қызметтер атқарған. 2008-жыл­дан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы болып келді.

 

Ұ.Есдәулеттің «Қанат қақты», «Ал­тайдың алтынтамыры», «Ақ керуен», «Алтай асулары», «Заман-ай» және басқа да бірнеше кітаптары, 5 томдық шығармалары жарық көрген. Ол орыс, түрік тілдерін меңгерген, аудармашылықпен де айналысқан, көптеген шетел ақындарының туындыларын қазақ тіліне аудар?ған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

 

...Біз Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жаңадан сайланған төрағасы Ұлықбек Есдәулетке қызметте абырой биі­гінен көріне беріңіз деген тілек біл­діреміз.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ