Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты

16.03.2018
Қаралды: 360

2017-жылдың қаңтар айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен бірқатар адамдарға алдын-ала келісіп, аса ірі кө­лемде бірнеше мәрте пара алған деген күдік келтіріліп отырғаны туралы мәлімдегені белгілі. Кейін осы іс  бойынша барлығы 22 адам айыпталған еді. Содан бері сот про­цестері жүріп жатқан болатын.

 

Кешегі аптада бұл іске қатысты сот үкімі шықты. Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Қ.Бишімбаевты 346 миллион теңге пара алуға, 1 миллиард 200 миллион теңге қаржының талан-тараж­ға түсуіне кінәлі деп тапты. Оны мүлкін тәркілеп, 10 жылға соттау және  мемлекеттік қызметте істеу құқынан өмір бойына айыру жазасына кесті.  Бұл іске байланысты айыпталған басқа да бірнеше адам­ға қатысты сот үкімдері шықты.

 

Жалпы, Қ.Бишімбаевтың өзіне тағылған айыптарды мойындамағаны белгілі. Туыстары да осы уақытқа дейін оны ақталып шығады деп үміттеніп келген еді.

 

«Мұндай шешім жасалады деп күтпеген едік. Судья көп мәселенің басын ашқан жоқ, дәлелдер келтірмеді. Біз сот шешімін естігенде аңырып, сасып қалдық. Шешіммен келіспейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз. Менің күйеуім мұндай қылмыс жасаған жоқ. Ақталатынынан үміттенеміз», – деді үкім оқылғаннан кейін Қ.Бишімбаевтың әйелі Назым Бишімбаева. Сотталушының адвокаты Сәлімжан Мусин де сотқа апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлім етті.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ