Суретке қарап та дем салады

16.03.2018
Қаралды: 531

Шымкентте тұратын бұл көріпкел жайлы алғаш бір газеттен оқыдым. Мен бұрын мұндай нәрселерге сенбейтінмін. Үйімізге ұры түсіп, барымызды тонап,  соның әуресімен шапқылап жүргенде көлігімізді соғып алып, артынша ұлым ауырып, шақшадай басым шарадай болғанда бір құмалақшыға барғанмын. Жол ашамын дегеніне сеніп, бір апта күнде барып жүрдім. Бірақ жағдайымыз одан бетер шиеленісіп, әуреге түстік те қалдық. Сонда бірге жұмыс істейтін құрбым мені Дианаға ертіп апарды.

 

Біз Дианаға екі жұмыртқа апар­ғанбыз. Оның бірін – көріпкел, екіншісін өзім ұстап отырдым. Диана күбірлеп бір дұғаларды оқып, қызыл шырақ жақты. Сосын жұмырт­қаны жарып көргенде менің ұстағаным қоңырқай түске боялып шық­ты. Көріпкел ештеңе түсіндірмесе де бәрін түсіндім.

 

Қысқасы, мен Дианаға араға апта салып, үш рет оқытылдым. Ол оңды нәтиже қырық күннен кейін білінуі тиіс деген. Бірақ жиырма бірінші күннен бастап күрмеулі жіптің түйіні шешіле бастағанын сездім. Бүгінде біз үйімізге түскен ұрыларды тауып, шығынымызды өндіртіп алдық. Диана бізге көлікті сатып, орнына басқасын алу керегін айтқан. Оның тылсым себебін түсіндіріп, көлікке тұмар жасап берді. Сонда ескілеу, соғылған болса да көлігіміз жақсы бағаға сатылды. Жол ашу деп осыны айт!

 

Бұл – менің ғана басымнан өткен оқиға. Ал әріптесім отбасынан ажыраған соң терең күйзеліске түсіп, жүдеп кеткен қызын емдеткен еді. Ол қазір отбасымен табыс­ты, отбасына береке кіріп, жақында қоныс тойын тойлады.

 

«Менің қызым қаладағы супермаркеттен екі бутик алып, жап-жақсы сауда жасап жүрген. Соңғы кездері ашуланшақ болып, саудасының берекесі қашып, өзі қарызға кіріп кетті. Айналымдағы ақшасын қарызға беріп, оны қайтара алмай қиналды. Үйінде күнде айқай. Сөйтіп жүріп өзі де қарызданып қалды. Оны уайымдап жүргенде жатырда «киста» бар деп, ота жасату керек болды. Бір басына үйілген қиыншылықты көтере алмай, жүйкесі сыр беріп, қатты жүдеп кетіп еді. Уыстап дәрі ішеді. Осы Дианаға дем салдырып алған соң жағдайлары оңалды», – деді кезек күтіп тұрған апайлардың бірі.

 

Бір қарт кісінің келіп жүргенін байқадым. Сұрастырсам, ұлының жағ­дайы алаңдатады екен. Құмар ойын­ға салынған сияқты. Үйіндегінің бәрін ұтқызып, қарызға да батып қалыпты. Қартайғанда қабырғасын өзі қалаған үйінен айырылып, кісі есігінде күнелту қарттарға қайбір оңай тиеді дейсің? Таяғына сүйеніп, кемпірі екеуі осы көріпкелдің көмегіне жүгінген. Баласы айтқанға көнбейтін болған соң су­ретін әкеліпті, көмегін көріпті. «Құдайға шүкір, бұл көріпкел болмағанда қайтер едік?» – деді ата сөзінің соңында.

 

Мен осылайша Диананың суретке қарап та дем салып, көмек беретінін түсіндім. Келесі барғанымда биыл мектеп бітіретін ұлымның суретін апарғанмын. Диана оның техникалық мамандықты таң­дағанын айтқызбай тапты. Баламның сары аурумен ауырғанын, әдеттерін де тура айтып берді. Енді ҰБТ тапсыратын кезде баламның жолын аштырып алмақпын. Сәтін салып, грантқа түсіп кетсе, біздің отбасымыз үшін ол үлкен қуаныш әрі көмек болатыны анық қой.

 

Міне, Диана осындай – адамды көрмей-білмей, суретіне қарап та жол ашып, дем салып, кесірді қуып, бағыт беретін білгір көріпкел.

 

Гүлдариға С.

Диананың байланыс телефоны: 8-708-262-59-50.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ