Қалдан арылтатын Лейла

16.03.2018
Қаралды: 306

Шымкентте «Магия» деп аталатын косметология орталығы бар. Онда Лейла­ Абдулова есімді мықты маман жұмыс істейді. «Мықты» деп оны босқа мақтап отырған жоқпын. Өйткені ол мені бетімдегі ұнамай жүрген қалдан оп-оңай арылтқан болатын.

 

 

Маған бетімдегі ол қал тіпті де ұнамайтын. Осыдан арылтатын адам болса, алдырып тастаймын деп жүргеніме бірнеше жылдар болып еді. Бірақ оған бәрібір де тәуекел ете алмағанмын. Сөйтіп жүргенде Лейланың косметологиялық орталығы туралы естідім. Оны маған мендегі сияқты қалынан Лейланың көмегімен құтылған бір ауылдасым айтып берді.

 

Содан Лейлаға барып көрінуді ұйғардым. Алғашында қалай болар екен деп жүрексінген едім, Лейлаға жолыққасын көңілім орнына түсті. Ол бетімдегі қалды алып тастауға болатынын, оның денсаулығыма ешқандай да зияны тимей­тінін айтып сендірді.

 

Лейла алдымен бетімдегі қалды жақсылап тексеріп алды. Сосын оның үстіне әлдебір майды жағып берді. Маған алдағы уақытта қалай күтінуім керегін түсіндірді. Өзіне екі аптадан кейін барып көрінетінімді айт­ты. «Сене беріңіз, оған дейін бұл қалдан із де қалмайды», –  деді.

 

Барлығы да Лейла айтқандай болды. Бе­тімдегі қал біртіндеп қурағандай болып, көп ұзамай жойылып, ақы­рында оның білінер-бі­лін­бес орны ғана қал­ды. Менде Лейлаға деген сенім артты. Сосын оған айтып бетім­дегі «жировиктерді» де жойғыздым.

 

Лейла ақжарқын мі­незді жан екен. Онымен көп әңгімелестім. Сөз арасында ол маған өзінің жоғары санатты косметолог екенін, терінің асты мен үстіне шығатын папиллома, кандилома, майлы бітеу ісік (жировик) сияқты нәрселерден операциясыз арылтудың жолдарын мең­гергенін айтты. Сондай-ақ ол иммунитет төмендегенде, зат алмасуы бұзылғанда, стрестік, тағы басқа жағдайларда кездесетін, бет терісі астында тіршілік етіп, жазылмас­тай көрінетін бөртпелер туындататын ұсақ кенелерден де (демодекоз) арылта алады екен. Ол өз тәжірибесінде демодекоздың кейбір косметикалық жақпалар әсерінен туындаған кез­дерін де көріпті. Өзінің оқып-үйренгендерін, тәжірибесін пайдаланып, демодекозға қарсы арнайы жақпа май жасап шығарыпты.

 

Мен Лейланың арнайы журналынан емделген адамдардың астына «емге дейін» және «емнен кейін» деп жазылған көптеген суреттерін көрдім. Оның бүгінде адамдарды жоғарыда аталғандардан бөлек, басқа да түр­лі тері ауруларынан емдеп жүрген жайы бар екен.

 

Қысқасы, Лейланың әлі де талай жандарға пайдасы тиері сөзсіз. Осы орайда ел ішінде жоғарыда аталғандай тері проблемасымен жүрген жандар болса, біле жүрсін деген оймен Лейла жөнінде газетке мақала жолдауды шештім. Оған  ризашылығымды осылайша біл­діргім келді. Қажет еткендер онымен телефон арқылы байланыса алады.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

Шымкент қаласы.

 

«Магия» косметология орталығының

мекен-жайы:Шымкент қаласы,

Төле би көшесі, №5-үй

(«Ордабасы» алаңына жақын жерде).

Лейла Абдулованың байланыс телефоны: 8-701-427-79-71.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ