Сарышұнақ түйені жей ала ма?

15.03.2018
Қаралды: 361

Ен далаға азық іздеп шыққан сарышұнақ жолда бұйдасы шұбатыла жайылып жүрген түйеге кезігіп қалыпты. Әлгі түйе байлау­дан босап кеткен екен. Сарышұнаққа бұл оңай олжа көрінеді.

 

 

Қысқасы, сарышұнақ бұйдасынан шап беріп, түйені ініне қарай сүйрелей жөнеліпті. Мұны қызық көрген түйе қайтер екен деп соңынан ілесе кетеді.

 

Өзінен жүз есе үлкен түйені жете­леген сарышұнақ шаршап-шалдығып ініне жетеді. Сосын түйеге бір қарап, өз інінің аузына бір қарап, ойланып тұрып қалыпты.

 

«Әй, достым, әу баста шамаңа қа­рамадың ба? Енді мені кіргізу үшін  ініңді кеңейтуің керек болады. Әйтпесе мені кішірейтуің қажет. Мұның қайсысы қолыңнан келеді? Ойлан», – депті сонда түйе.

 

Сарышұнақ не істерін білмей, шақ­ша­дай басы шарадай болып отырып қалыпты.

 

...Қазір адамдар арасында аш­көздікке салынғандар өте көбейіп барады. Мына мысалды естігенімде көзіме сондай тойымсыз жандар елестеді. Сондайлар ұрлап-жырлап жиып-тер­ген­дерінің бәрін о дүниеге өзіммен бірге әкетемін деп ойлай ма ме екен? Әлін білмеген сарышұнақ сияқтыларға қайранмын.

 

Т. СҰЛТАНБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ