Еріңізді жамандап жүрсіз бе?

15.03.2018
Қаралды: 474

Үй болған соң ыдыс-аяқтың сылдырамай тұр­май­тыны рас. Оның шы­ғуына түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Ал ұрыс-керісті болдырмай, ерлі-за­йып­тылар арасындағы татулық пен отбасының бере­ке­тін сақтау үшін не істеу керек?

 

Әйел адам отбасының бюджетін дұрыс жоспарлап, жолға қоюы керек. Қаржыны орынды жұмсап, үйде артық қордың болуын, қонақ келгенде ұялмайтындай дастархан мәзі­рінің дайын тұрғанын қадағалағаны жөн.

 

Әйел  ең алдымен үйдің, отбасы мүше­лері киімдерінің, ыдыстардың тазалығына мән бергені дұрыс.

 

Жақсы әйел ерінің өзге адамдар алдында төменшік­темеуіне, көңілінің тоқ болуына назар аударуы керек.  Отбасында бәрі жақсы, әйелі жайлы болса, еркек өзге жақтан қызық іздемейді.

 

Ерлі-зайыптылар түкке тұрғысыз нәрселерден дау туғызып, болмайтын жерде бір-бірінің көңілін қалдырмауға тырысқаны жөн. Бірі ашуланғанда екін­ші­сінің сабыр сақтағаны дұрыс.

 

Отбасында ұрысты болдырмаудың тағы бір жо­лы – ерлі-зайыптылардың әрбір істі кеңесіп атқаруы болып табылады. Әйелі бір жаққа, күйеуі екінші жаққа қарай қисайған үйдің берекесі болмайды. Сондықтан әрбір істе ақылдасып, ортақ мәмілеге келген дұрыс.

 

Ерінің туыстарын жамандау әйел адамның ең үлкен қателігі. Сондай-ақ еріңізді де өз туыстарыңызға жамандау­дан аулақ болыңыз. Олай етсеңіз ағайындардың арасында алауыздық туғызуыңыз мүмкін.

 

Отбасы берекесін сақтаудың тағы бір жолы – ерлі-зайыптылардың бір-біріне қолдау көрсетуі. Қайғы мен қуанышын қатар бөлісіп, бір-біріне қол ұшын беріп, демеп отырған ерлі-зайыптылардың отбасында ұрыс болмайды.

 

С. ИКРАМҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ