Немерем тағы да қуантты

15.03.2018
Қаралды: 193

Таяуда Алматыдағы Жазушылар одағының ғимаратында Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған байқау болып өтті. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

 

Осы байқауға ме­нің немерем, Шым­кенттегі Б.Өтепов атын­­­дағы Өнер мек­тебінің 8-сынып оқу­шысы Ахмет Айдарбек те қатысқан еді. Ахмет бұл жарыста домбырамен күй тартудан жақсы өнер көрсетті. Ол байқаудың 1-дәрежелі дипломымен марапатталды.

 

Ахмет өткен жылы Шымкентте ұйымдастырылған осындай байқауға да қатысқан болатын. Сонда 1-ші орынды жеңіп алып, бізді бір қуантқан. Енді, міне, немереміздің тағы бір жетістігіне марқайып отырған жа­йымыз бар.

 

Осы орайда Б.Өтепов атындағы Өнер мектебінің ұстаздарына, мекеме директоры Маржан Есжановаға, балаларды домбыраға үйрететін барша ұстаздарға, әсіресе Роза, Жадыра, Баян, Ай­гүл есімді апайларына аталық алғысымды білдіремін!

 

Жалпы, Өнер мектебінде балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жатын орынмен, төрт мезгіл ыстық тамақпен  қамтамасыз ете­ді. Мектепте әртүрлі жарыстар ұйымдастырылып, балалардың қабілет-таланттарын барынша ашуға тырысады. Мұндай мектепке қалай риза болмассың?!

 

Мен Өнер мектебінің ұстаздарына еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер деген тілек білдіремін.

 

А. ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ