Саргсянның орнына Саркисян отырады

15.03.2018
Қаралды: 239

Арменияда кезекті Президент сайлауы аяқталды. Негізгі ерекшелігі – бұл жолы Президент жалпыхалықтық емес, Парламент депутаттарының жасырын дауыс беруі тәр­тібімен сайланды. Депутаттардың басым бөлігі өз дауыстарын президенттіктен жалғыз үміткер Армен Саркисянға берді.

 

 

А.Саркисянның жасы 64-те. Ғалым, дипломат. Ол кезінде Ереван университетінде, АҚШ-тың Кембридж университетінде еңбек еткен. 1996 – 1997-жылдары Арменияның Премьер-министрі болған. Сондай-ақ Армения­ның Еуроодақтағы, Ватикандағы, Бельгиядағы, Люксембургтегі, Ұлыбританиядағы елшіліктерінде Өкілетті елші, Бас елші қызметтерін атқарған.

 

Армения енді көп ұзамай Парламенттік республикаға айналады. Бұған қатысты 2015-жылы жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Конституцияға өзгерістер енгізілгені мәлім. Ал мұндай басқару жүйесінде биліктің көп бөлігі Үкімет басшысының қолында болады, Президент негізінен өкілеттік функцияларды атқарады.

 

Бүгінде саясаттанушылар Армения Премьер-министрінің орынтағы бұл елді 2008-жылдан бері басқарып келген Серж Саргсян­ға бұйырады деп отыр. Ал Саргсянның екі мәрте, 2008 және 2013-жылдары Президент болып сайланғаны белгілі.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ