Қытайлар Бас хатшының билігін күшейтпекші

14.03.2018
Қаралды: 152

Қытайды 2013-жылдан бері басқарып келе жатқан Си Цзиньпиннің таяуда екінші мерзімге қайта сайланғаны мәлім. Яғни ол Қытай Компартиясының бас хатшысы, Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін 2023-жылға дейін атқаратын болды.

 

 

Қытай заңы бойынша мұндай қызметке екі мәртеден артық мерзімге сайланбайды. Дегенмен бүгінде Компартия басындағылар ел Конституциясындағы «Мемлекет басшысы бес жылдық екі мерзімнен артыққа сайланбайды» деген шектеуді алып тастау жөнінде әңгіме қозғап жатыр. Бұл – 64 жастағы Си Цзиньпинь билік басында 2023-жылдан кейін де қалуы әбден мүмкін деген сөз.

 

Қысқасы, қытайлықтар өз басшысына зор сенім білдіріп, оның өкілеттігін барынша күшейтіп жатыр. 2017-жылы өткен Бұған мүдделі топтардың әрекеті белсенді бола түскен сияқты.

 

Бұған қоса Қытайдың әскери саланы қуаттандыруға қатысты шаралары да артып отыр. Жарияланған деректерде бұл елдің биылғы жылға арнал­ған әскери бюджеті 1,11 триллион юаньды (175 миллиард доллар) құрайтыны жөнінде айтылуда.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ