Қауіпсіздік қызметінің офицері қамауға алынды

14.03.2018
Қаралды: 144

Кейінгі кездері Өзбекстанда шулы оқиғалардың көптеп орын алып жат­қаны белгілі. Бұл елде Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Бас Прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, басқарушы және атқарушы органдардың талай лауазымды басшыларының басына бұлт үйірілді. Біреулері қызметімен қоштасса, енді бірі істі болып, сотталып жатыр.

 

Таяуда кезінде түрмелерді бақылауға басшылық еткен (куратор) Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің полковнигі Тоймуроз Алимов қамауға алынды. Оған «қасақана адам өлтіру», «қызметтік құзіретін асыра пайдалану» және «жазықсыз адамдарды жауапқа тарту» баптары бойынша айып тағылған. Алимов Әскери прокуратураның сұратуы бойынша тұтқындалып, Ішкі істер министрлігінің тергеу абақтысына жеткізілген.

 

Т.Алимов бұрын Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары болып істеген, кейін өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген Шухрат Гулямовтың арнайы тапсырмаларын орындаған екен. Өзбекстандағы тәуелсіз құқық қорғаушылар бастамашыл тобының жетекшісі С.Икрамовтың берген деректеріне қарағанда, ол түрмелерді бақылап жүрген кезінде саяси себеппен сотталушыларды азаптауға тікелей басшылық еткен көрінеді. Оның арнайы қызмет орындарының бақылауында тұрған және кейбір құпия істерге куә болған адамдардың көзін жоюға қатысы бар деп те айтылуда.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ