Путин Ресейдің қару қуатын паш етті

13.03.2018
Қаралды: 212

Кешегі аптада Ресей Президенті өзінің Федералдық жиналысқа арнаған Жолдауын жариялады. Ұзаққа созылған жиында Владимир Путин әскери технологияның жетістіктері туралы ашық жариялады. Мұның өзі бүгінде Ресейді санкциялар қыспағына алып отырған Батыс әлеміне жұдырық көрсеткенмен бірдей болды.

 

Путин жан-жақты жетілдірілген мынадай қару түрлері туралы айтты: 1. Бірнеше оқтұмсықтармен жабдықталған, салмағы жүздеген тонна тартатын «Сармат» құрлықаралық зымыраны. Бұған дейін шығарылған «Воевода» құрлықаралық зымыраны 11 мың шақырым қашықтағы нысаналарды дәл тиіп, жоя­тын болса, бұл зымыранның барар қашықтығы шектеусіз екен. Яғни ол Жер шарының қай жағындағы болса да көзделген нүктеге еркін жетеді. 2. Әуеден қорғаныс жүйесін тігінен де, көлденеңінен де айналып өте алатын, көкте ұзақ уақыт жүруге мүмкіндік беретін ядролық қозғалтқышпен жабдықталған қанатты зымырандар. 3.Суасты қайықтары мен жойғыш торпедолардан әлдеқайда жылдам әрекет ететін басқарушысыз суасты аппараттары. 4. «Кинжал» деп аталатын, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан әлдеқайда артық авиациялық-зымырандық кешен. 5. «Авангард» деп аталатын қанатты зымырандар блогы. 6. Көзделген нысанның тозаңын да қалдырмайтын лазерлік қару.

 

Жалпы, Путин Ресейде шығарылған, сынақтан өткен және сыналып жатқан бұл жаңа қарулардың жойқын күші мен мүмкіндіктері туралы айтып қана қоймай, оларды бейнежазбалар арқылы көрсете сипаттап, әңгімесін «мұндай қару әлемде еш елде жоқ», «бас­қалар жасаймын дегенше біздің жігіттер бұдан да күштісін ойлап табады» деген сияқты сөздермен тұздықтап отырды. Жиынға қатыс­қандар Путиннің әрбір сөзіне аса ризашылықпен қол соғумен болды, тіпті орындарынан тұра қошемет көрсетіп те жатты.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ