100 мың теңге алғаны үшін 20 миллион теңге төлейтін болды

13.03.2018
Қаралды: 308

Мақтаарал ауданында мектеп директоры парамен ұсталды. Ол декреттік демалыстан шыққан мұғалімге жұмыс бергені үшін 100 мың теңге пара алу үстінде қолға түсті.

 

 

Мақтаарал аудандық №2 соты пара алған директорды мүлкін тәркілеп, білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс істеу құқынан өмір бойына айырды, оған 20 миллион 338 мың 800 теңге айыппұл салды.

 

Бұл – биылдыққа парамен қолға түскен екінші директор. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында өткен, 2017-жылы мектеп қызметкерлері жасаған 157 қылмыс тіркеліпті, олардың 92-сі соттарға жолданған екен.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ