Шымкентте жасы 100-ден асқан 18 әже, 2 ата бар

15.03.2018
Қаралды: 589

Таяуда мынадай бір қызық құбылысқа көз жеткізілді: Шымкентте әйелдер ұзақ өмір сүреді екен. Ұзақ жасаған шымкенттік 20 қарттың 18-і  әйел адамдар болып шықты. Олардың әрбірі – тыл еңбеккері немесе Батыр аналар.

 

Қаламыздың жасы ең үлкен тұрғыны, «Күміс алқа» иегері Гүлшешек Колаева өткен 10-қаңтарда 111-ге толды. Ал екі тыл еңбеккері – Алпа Есжанова мен Назым Мәмбеталиеваның жастары – 109-да. Айша Назарқұлова 106 жаста, ол да тыл еңбеккері. «Алтын алқа» иегері Шырын Абдуллаева болса, 103 жаста, Батыр ана Қанаш Күзербаева,  тыл ардагерлері – Хабиба Файзиева мен  Хайриниса Татарова осы Шырын апамен түйдей құрдас. Үш тыл еңбеккері – Айша Абдуллина, Ұлшым Байботаева, Нағима Бек­қараева және «Күміс алқа» иегері Ұфан Күләнбаева 102 жасқа толған. 

 

Сондай-ақ тыл ардагерлері Орынкүл Әділбекова, Мария Сидоренко және Батыр ана Сатқын Отарбаеваның жастары – 101-де. Екі тыл еңбеккері – Кеңескүл Бақбай, Мария Ковальчук және «Күміс алқа» иегері Бибісара Ержанова – тура 1 ғасыр ғұмыр кешкендер.

Ал ұзақ жасаған атамыз Бостан Райымбековтің жасы 105-те, Нигмат Гареев 102 жасқа толып отыр.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің

баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ