Көлік жүргізушілері қатарына 96 мың әйел қосылды

13.03.2018
Қаралды: 269

Халықаралық әйелдер күні – 8-наурыз мерекесі қарсаңында бір қызықты зерттеу материалдары жарияланды. «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы жариялаған бұл материалда мынадай жайлар туралы айтылады:

 

2017-жылдың 8-наурызы мен биылғы 8-наурыз аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары 13 миллиондай әйел­ге қызмет көрсетіпті. Ар­найы ХҚКО арқылы 96 мың әйел жүргізушілік куәлігін алған. Жалпы, бүгінде авто­көліктерді өз атына рәсімдеткен әйелдер саны 337 мың адамды шамалап отыр екен.

 

Бүгінде 303 мың 508 әйел 1 жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты жәрдемақы алады. 1 миллион 525 мың 818 әйел – зейнеткер. 236 мыңнан аса әйел көпбалалы ана ретінде мемлекеттік жәрдемақы алады.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ