Жетісай қаласының әкімі істі болды

12.03.2018
Қаралды: 440

Жетісай қаласының әкімі Байдалы Базарбаевқа  қатысты жайсыз әңгіме шықты. Мақтаарал аудандық сотының оны қамауға алу жөнінде санкция бергені белгілі болды.

 

 

Б.Базарбаев осыдан біраз бұрын өз кабинетінде пара алу үстінде ұсталыпты. Оған 200 мың теңге пара алған деген айып тағылған. Бұл сомадағы ақшаны не үшін алғаны әзірге белгісіз, тексеру жүргізіліп жатыр. Белгілі болғаны, Б.Базарбаев 13 миллион теңгеге бағаланған үйін кепілге қойғандықтан оны қамауға алу екі ай мерзімге кейінге шегерілген.

 

...Б.Базарбаевтың жасы – 56-да. Мамандығы – экономист. Ол Өзбекстанның Жызақ облысында өмірге келген. Еңбек жолының көп мерзімін Жетісай қаласында өткерген, түрлі мекеме, кәсіпорындарда, қала әкімдігінде  жауапты қызметтер атқарған. Кейінгі үш жылға жуық уақыттан бері Жетісай қаласының әкімі болған еді.

 

Н.ӘБДІ

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ