Қылмыстық топқа қызмет еткен полицей

09.03.2018
Қаралды: 326

Қостанай қалалық №2 соты ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне көмектескен полиция аға лейтенанты Е.Қанапинге қатысты үкім шығарды. Ол 3 жылға сотталды, әскери шенінен, 6 жылға дейін орган қатарында жұмыс істеу құқынан айырылды. Бұл жөнінде «Kazіnform» ақпараттық агенттігі хабарлады.

 

 

Сот материалдарында Е.Қанапиннің есірткі заттарды заңсыз өткізумен шұғылданатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысына көмектесіп, көрсеткен қызметі үшін одан ақшалай-заттай сыйлық алып тұрғаны туралы айтылады.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ