2 миллиард 139 миллион теңге айыппұл төледі

09.03.2018
Қаралды: 480

«Казахстан инжиниринг» компаниясы төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбековтің 2017-жылдың ақпанында істі болып, осы жылдың қараша айында соттал­ғаны белгілі. Оған аса ірі көлемде пара алған деген айып тағылған, сотта ол кінәсін толық мойындаған болатын. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді.

 

 

Таяуда Әскери соттың қылмыс­тық істер жөніндегі коллегиясы бұл жазаны 2 миллиард 139 миллион 500 мың теңге айыппұл төлеуге алмастырды. Ал кешегі аптада Қ.Сұлтанбеков өзіне жүктелген айыппұлды, яғни 2 миллиард 139 миллион 500 мың теңгені төлеп құтылды.

 

...Қ.Сұлтанбеков кезінде түрлі басқармаларды басқарған, Алматы және Астана қаласы әкім­дерінің орынбасары қызметтерін атқарған. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары қызметіне 2015-жылдың ақпан айында тағайындалған еді.

 

 Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ