22 миллион теңге пара алған деген күдік келтірілуде

09.03.2018
Қаралды: 336

Астанада әділет департаменті басшысының орынбасары Рауан Рамазанов пен басқарма бастығы Ер­кін Дәулетбаев парамен ұсталды. Бұл жөнінде Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сіл­те­ме жасай отырып «Today.kz» сайты жария етті.

 

 

Бұл екі азаматты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі Ұлттық бюро қызмет­керлері пара алу үстінде қолға түсірген. Оларға атқару өндірісі бойынша тоқтамға алынған мүлікті одан шығару үшін 22 миллион теңге пара алған деген күдік келтірілуде.

 

...Р.Рамазанов бұрын прокуратура саласында еңбек еткен, Алматы қалалық, Жетісу және «Түрксіб» аудандық прокуратураларында жа­уапты қызметтерде болған. Кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде сот­қа дейінгі тергеу басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облыстық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Ол Астана қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары қызметіне 2016-жылы тағайындалған.

 

Ал Е.Дәулетбаев Астана қалалық әділет департаменті бас­қармасының бастығы қызметіне көтерілерден бұрын Тараз қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментінде экономикалық тергеу-тексеру қызметінде бөлім басшысы болған екен.

 

...Астана қалалық әділет де­партаментінде лауазымды қызмет атқарған бұл екі азаматқа «Бір топ адамның алдын-ала сөз байласуы бойынша пара алу» бабымен айып тағылуы мүмкін.

 

 Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ