Күліп жүрген жанға жамандық жуымайды

09.03.2018
Қаралды: 349

Үнемі жымиып, күліп жүретін адамның жүзі жылы. Оның көңіл-күйі көтеріңкі болады, ол өзгелерге де жағымды әсер етеді. Күлкінің адамға беретін мынадай артықшылықтары бар:

 

1. Жай жымиюдың өзі миға жағымды әсер жеткізеді, содан ағзада көңіл-күйді көтеретін эндорфиндер көптеп түзіле бастайды.­

 

2. Күліп келе жатқан жанды көрген адам да еріксіз жымиып, қуанады. Бұл көңіл-күй өзгелерге де «жұғып», оларды бақытты етеді.

 

3. Жымиып, күліп жүретін жанға өзгелер үйір. Әсіресе ол қарсы жыныс адамдарын тез тартады.

 

4. Жымиып, күлу адамды шаршаңқылықтан, жүйкелеуден құтқарады, үрей сезімін де тежей алады. Адам өзін жайлы сезінген кезде ол туралы дабыл орталық жүйке жүйесіне түседі де, сол арқылы ағза тыныс алу жиілігі мен жүрек жиырылысын азайтады. Стресс деңгейін төмендету бүкіл ағзаға оңды әсерін тигізеді, артериялық қан қысымын төмендетеді, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, бұл кезде қан құрамындағы қант мөлшері де қалыпқа түседі.

 

5. Жымиып, күліп жүру адамды тартымды көрсетеді. Бұл кезде бет бұлшық еттері жиырылып, адамды сүйкімді көрсетеді.

 

6. Күлкі ағзаның қорғаныс қабілетінің артуына да оңды әсер етеді. Күлген кезде адам бойы барынша босайды, ағзадағы май көп «жағылады», іш аумағы бұлшық еттерінің ахуалы жақсарады. Ол қан айналымын жақсартады, қан құрамындағы қантты азайтады, стресс деңгейін төмендетіп, ұйқыны, иммундық жүйе жұмысын жақсартады.

 

7. Күлкі адамды өзіне сенімді етеді. Сырт көзге де олар солай көрінеді. Оларды жұрт көбіне табысты, іскер, қолынан іс келетін жандар ретінде қабылдайды.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ