Қынжылдық. Сүйсіндік. Шок болдық...

08.03.2018
Қаралды: 411

Астананың адамды қуантатын немесе шошытатын ерекшеліктері:

 

1. Түнде жұмыс істейтін дүкен таппайсың. Қынжылдық.

2. Қоғамдық көліктер түнгі сағат 11-ге дейін жүре береді. Алматының пеші істемейтін  суық автобустары сияқты емес, жылы әрі жайлы екен. Сүйіндік.

3. Астаналықтардан баратын мекен-жайың туралы сұрасаң, жауап бермейді. Бетіңе бедірейіп қарап тұра береді. Ренжідік.

4. Кофехана, кафелерде қызмет сапасы әлі де нашар. Томсырайдық.

5. Көзге ең ерсі көрінгені: Әзірет Сұлтан мешітінде еркектер жүретін жерде әйелдер сеңдей соғылысып, қаптап жүр. Есіктен кіргеннен әйелдерге соғысып қаласың. Шок болдық!

6.  Екі қазақ кездессе, бір-бірінен орысша жөн сұрайды. Миыма сыйдыра алмадым!

 

Тоқтар ЖАҚАШ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ