Әулет тарихы түзілген кітап

08.03.2018
Қаралды: 443

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Нұрғали Ораздың анасы – талай шәкірттерді тәрбиелеген білікті ұстаз Тұрсын Адамбайқызының «Біздің әулет» атты естеліктер кітабы жарық көрді.

 

 

Тұрсын Адамбайқызы – 9 перзентті дүниеге  әкелген алтын құрсақты ана. Бүгінде Динасы – мұғалім, Бақтыгүлі – заңгер, Ләззаты мен Тояшы білім саласында еңбек етеді, Нұрланы – полиция қызметінде, Ерланы – кәсіпкер, Айнұры – журналист, аудармашы. Өкінішке орай, сұлулар сынында жүлдегер атанған сүткенжесі Науат сырқатының салдарынан көз жұмған екен.

 

Ол кісінің кітабы – бір әулеттің шежіресі, асыл ананың  ұрпақтарына аманат етіп қалдырған әдеби көркем дүниесі іспеттес. Онда бір адамның  ғұмыры, бір әулеттің тарихы ғана емес, қиын-қыстау замандағы ел тарихы да баяндалады. Төрт бөлімнен тұратын кітапта апа өзінің еңбек жолы, атқарған істері, ауылы, жан жары, еңбек адамдары, анасынан естіген әңгімелері, өзінің көрген-білгендері жайлы жазған.  Бұл естеліктер кітабында елге үлгі-өнеге болатын көп нәрселер айтылады.

 

Ә. ӘЛІП.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ