Құдай әйелді қандай етіп жаратқан?

07.03.2018
Қаралды: 372

Құдай әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы  күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:

– Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? – деп сұрайды. Сонда  Алла-тағала:

– Сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден бастап жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен жасай алады, – дегенде Періште таңданып:

–   Бар болғаны екі қолымен бе? Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен, қоя сал, ертеңгі күні бітірерсің, – дейді.

– Жоқ. Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өзін-өзі емдеп, 18 сағат жұмыс істей алатын болады.

Періште әйелге жақын келіп, оны саусағымен түртіп көреді.

– Аллам, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқан екенсің.

–  Иә, ол өте нәзік. Сонымен бірге ол өте күшті. Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың.

– Ол ойлана ала ма? – деп сұрады Періште.

– Ол тек ойланып қана қоймайды, ол сендіре де, келісімге келе де алады.

Періште әйелдің бетін сипады.

–  Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой? Шамасы, сен оған көп ауыртпалық беріп жатқан сияқтысың.

– Ол терлеп тұрған жоқ. Бұл көз жасы ғой, – деп дұрыстады Алла-тағала Періште сөзін.

– Бұл не үшін? – деп сұрады  Періште.

–  Ол – қайғысын, күдігін, махаббатын, жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын көз жасымен білдіреді.

Періште қатты әсерленді.

– Иә, Алла, сен шынында да данасың! Сен бәрін ойланғансың. Әйел – шынында да керемет жаратылыс екен!

– Иә, шынында да солай. Әйелде еркекті бағындыра алатындай күш бар. Ол өмір тауқыметімен күресіп, қасіретін көтере алады. Ол бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді. Ол айқайлағысы келсе – күледі,  жылағысы келсе – ән айтады. Бақытты кезінде – жылайды, қорыққан кезінде – күледі. Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады. Жақындары үшін жанын береді. Өз сенімінің дұрыстығына бәрін де сендіреді. Махаббаты – шексіз. Балаларының бақытына қуаныштан жылайды.  Дос­тарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да өмір сүру үшін өз бойынан қуат таба алады.

...Аналарымызды, апаларымызды,  әпке-қарындастарымызды, жалпы барша әйелдер қауымын нәзік, сұлу, хош иісті гүлге теңеп, оларды сүйе де, сыйлай да білейік, бауырлар!   

       

(Әлеуметтік желідегі әңгіме).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ