Айжан Тәженованы ардақтады

07.03.2018
Қаралды: 412

Өлкемізде өнерді өрге сүйреп жүрген мәдениет майталмандары аз емес. Солардың бірі – Айжан Тәженова таяуда 60 жасқа толды. Осыған орай Оң­түстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасы «Өне­рім – өмірім» атты іс-шара өткізді.

 

Айжан Рахымғалиқызы Тәженова 1958-жылы 6-ақпанда Талдықорған облысының Қаратал ауданындағы Кальпе станциясында дүниеге келген. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы  облыстық филармонияда бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ол өнер жолының алғашқы жылдарында  атақты «Алтын дән» ансамблінің құрамында еңбек еткен, одан кейін даңқы дүркіреп тұрған «Досмұқасан» ан­самблінің даусы ерекше бұлбұлы ретінде көпші­ліктің көзайымына айналған. Күміс көмей, жезтаңдай әншіні халық сүйсініп тыңдайды.

 

Айжан Тәженованың орындайтын әндерінің көбісі аналарға арналған. «Халық театрында қызмет істеген анамның ақ сүтімен маған дарыған өнерді мақтанышпен айта аламын», –  дейді өнер иесі.

 

Айжан Тәженованың орындауындағы «Асыл ана», «Өкінбе сен», «Анаға хат», «Еркеледің сен» әндерін  кітапханада жиналған көпшілік экран арқылы тыңдады, ол оқырмандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Жалпы, оның орындаған әндері өзінің барынша тазалығымен, нәзіктігімен жанды толқыныс сезімге бөлейді.

 

Осындай әншіге біз де өз тарапымыздан құрмет көрсетуді шешкен едік. Ұйымдастырылған іс-шараға жұрт риза болып тарады.

 

ОҚО арнайы кітапханасының

қызмет көрсету бөлімі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ