Қауіпсіз өнімді таңдай біліңіз

06.03.2018
Қаралды: 272

Тағам өнімдері қауіпсіздігіне, олардың Кеден одағы нарығында орналастырылуына қатысты талаптар негізінен Кеден одағының «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде қарастырылған. Ол Кеден одағы комиссиясының 2011-жылғы 9-желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген.

 

Техникалық регламентті қабылдаудағы негізгі мақсаттар: адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды алданып қалуға, ұрынып қалуға апарып соғатын іс-қимылдардан құлаққағыс ету және қоршаған ортаны қорғау.

 

Бұл техникалық регламенттің техникалық реттеуге жататын нысандары мыналар: тағам өнімдері,  тағам өнімдеріне қойылатын талаптардан туындайтын тағам өнімдерін өндіру (дайындау) процестері, оны сақтау, тасымалдау, өткізу, сату және пайдаға асыру процестері.

 

Кеден одағы аумағында тағам өнімдері осы техникалық регламент­тің және нақты тағам өніміне қатыс­ты басқа да техникалық регламент­тердің талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана нарыққа шығарылады.

 

Осы техникалық регламенттің және нақты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламент­тердің талабына сай және сәйкестігі бағаланып (расталып) рәсімделген тағам өнімдері Кеден одағы мүше­лері – мемлекеттері нарығында айналу құқығын беретін бірегей белгі­мен таңбаланады.

 

Сәйкестендіру, бірегейлендіру мынадай әдістермен жүргізіледі: Өнімнің атауы мен оның пайдаланылуын тұтынушы орамасында келтірілген таңбаланудағы ақпаратпен салыстыру арқылы анықтайды. Сондай-ақ анықтау тағам өнімімен бірге жіберілетін құжаттардағы осы техникалық регламентте және нақ­ты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламенттерде келті­рілген белгілерін салыстыру арқылы жүргізіледі.

 

Кеден одағы аумағында айналымдағы тағам өнімдері оны өнім өндіруші белгілеген жарамдылық мерзіміне сай пайдаланған жағдайда қауіпсіз болады.

 

Қазіргі таңда дүкендерде, сауда орталықтарында «Қауіпсіз өнімді таңда» тақырыбында акция өткізіліп жатыр. Тұтынушыларға айтарымыз, алынған өнімдеріңіздің таңбалануына мұқият қарауларыңызды сұранамыз. Өнімнің шығарылған уақытына, жарамдылық мерзіміне, ЕАС, мемлекеттік тілде болуына, сыртының бүтіндігіне, ГМО жоқ екенін білдіретін белгісіне мән беріңіздер. Қауіпсіз өнімді таңдай біліңіздер!

 

Гүлнәр ОСПАНОВА,

Оңтүстік Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық

сақтау департаменті техникалықрегламенттер 

талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің

жетекші маманы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 


 

Пікір қалдыру

1000 символ