Бізде 20 мыңнан астам студент оқиды

06.03.2018
Қаралды: 208

Бүгінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының басты міндеті – еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай сапалы білім беру. Өйткені қазіргі жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда ең бірінші орында тұрады.

 

Біз оқитын Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның ерекше мәртебесі бар жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың көшбасшысы. Ол өткен, 2017-жылдың «Green Metrіx» рейтингінде 186-орынды иеленді. 2018-жылы «QS Дамушы Еуропа және Орталық Азия» халықаралық аймақтық рейтингінде 10 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Түлектерінің жұмысқа орналасуы бо­йынша «QS GRADUATE EMPLOYAVІLІTY» рейтингінде әлемнің 500 үздік университеті арасында – 251-орынды, «QS» халықаралық рейтингінде әлемнің 800 уни­верситеті арасында 236-орынды иеленді. Ал ұлттық рейтингте «Білім сапасын қамсыздандыру» тәуелсіз қазақстандық агенттігі қорытындысы бойынша университетіміз 1-орында тұр.

 

Университеттің көп деңгейлі білім беру жүйесі: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнайы білім, магистратура және докторантура (PhD). Мамандарды даярлау 180 мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда университеттің 15 факультетінде 20 мыңнан астам студент білім алуда. Оларға жоғары санатты, тәжірибелі, білімді, еңбегі сіңген профессорлар мен доценттер, кандидаттар мен PhD-доктор ұстаздар сабақ береді. Университетте Орта Азидағы ең озық үлгідегі, 2 миллионнан аса кітап қоры бар әл-Фараби кітапханасы жұмыс істейді. Оқу орнындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы талантты жастарға өз өнерін ортаға салуға мүмкіндік беріп келеді. Сондай-ақ «Керемет» қызмет көрсету орталығы бар.

 

Қысқасы, біздің университетте болашақ мамандар­ға білім алып, өзін жетілдіруге барлық жағдайлар жасал­ған. Біз өзімізге осындай білім мен мүмкіндіктер беріп отырған университетімізді әрқашанда мақтан тұтамыз.

 

Бақдәулет САДЫРБАЙ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университетіндегі Экономика және бизнес

жоғары мектебі қаржы мамандығының

4-курс студенті.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ