Гагауздар ширығып отыр

05.03.2018
Қаралды: 385

Молдова елінің оңтүстігіндегі Гагауз автономиялы республикасында жайсыз әңгімелер жүріп жатыр. Ол негізінен Молдованы Румынияға қосуды көздеп жүрген топтардың әрекетіне байланысты туындауда.

Жалпы, 4 миллионға жетер-жетпес халқы бар Молдованы 20 миллиондай адам тұратын Румынияға қосу жөніндегі әңгімелер КСРО тарқағалы толастаған емес. Ол соңғы кездері тіпті күшейіп тұр. Елдегі кейбір партиялар мен ұйымдар Румынияға қосылу жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Оларды қолдайтын  бүтіндей елді мекендердің өзі бірталай болып қалды. Осыған орай Молдова Президенті Игорь Додон да арнайы топтар құрып, республика дербестігін қолдайтындарды ел ішіне жіберуге мәжбүр болды. Екі жақтың бұған қатысты текетіресі әзірге бейбіт жолмен жүріп жатыр.

 

Дегенмен Молдованы өзінің тарихи отаны санайтын гагауздар қатты алаңдаулы. Гагауз автономиялы республикасының халқы – 135 мыңдай ғана адам. Түбі түркітектес, бірақ христиан дінін қабылдаған бұл халықтың Румыния құрамына кіргісі келмейді. Жағдай ушыға қалса, олар өз дербестігін қолына қару алып қорғамақ. Алдағы мамыр айында Гагаузияға Түркия Пре­зиденті Ердоған ресми сапармен барады, сол кезде одан көмек көрсетуін сұрамақ.

 

...Құрамында әлем мемлекеттері мойындамаған, өзін бөлек ұстайтын Днестр бойы республикасы бар, 1990-жылдары Азамат соғысын бастан өткерген Молдовада қазіргі саяси ахуал осындай болып тұр. Оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да қиындай түсуде.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ