Жеке қабылдауға кіре аласыз

05.03.2018
Қаралды: 501

Облыс прокуратурасында 2017-жылдың желтоқсан айында жергілікті тұрғындар үшін тегін құқықтық қызмет көрсететін Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының, облыс­тағы жергілікті атқа­ру органдары басшыларының тіркелген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау өткізуі жоспарланған.

Жоғарыда аталған тұлғалардың жеке қабылдауында  болуға тілек білдірген азаматтар Шымкент қаласы, «Бей­бітшілік» көшесі, №3-үй мекен-жайы бойынша келуіне немесе 35-37-91 телефонына хабарласуына болады.

 

Құқық қорғау қызметтері орталығында өтетін азаматтарды жеке қабылдау кестесі мынадай:

 

Облыс әкімдігінің басшылары, облыс прокуроры, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы – жылына 2 рет (жарты жылда 1 рет). Өткізілетін уақыты – ақпан айының 3-ші сәрсенбісі, қараша айы­ның 4-ші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.

 

Шымкент қаласының әкімі, әл-Фараби ауданының прокуроры, әл-Фараби аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты – наурыз, мамыр, қыр­күйек, қазан айларының 1-ші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.

 

Абай ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты –  наурыз, мамыр, қыр­күйек, қазан айларының екінші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.

 

Еңбекші ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты – нау­рыз, мамыр, қыркүйек, қазан айларының 3-ші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.

 

Қаратау ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық ІІБ басшысы – тоқсан сайын. Өткізілетін уақыты –  нау­рыз, мамыр, қыркүйек, қазан айларының 4-ші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 


 

Пікір қалдыру

1000 символ