Үкімет пен Парламент жиналыстары қазақша өтетін болды

05.03.2018
Қаралды: 269

Бұдан былай елімізде Үкімет пен Парламент жиналыстары тек қана қазақ тілінде өткізілетін болды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен болған кездесуі кезінде Елбасы оларға осындай тапсырма бергенін айтты.

Өткен 20-ақпанда Президенттің латын әрпіне көшуге қатысты бұ­дан бұрын қабылданған нұсқаға өзгерістер енгізу жөніндегі Қаулысы жарияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы министр Д.Абаевпен болған кездесуде осы жайында сөз қозғады. Ол кісі елімізде латын әрпіне көшу мәселесінің шешіл­генін, мұның Қазақстан үшін тарихи кезең екенін, сол арқылы мемле­кеттік тілдің дәрежесі көтеріле тү­сетінін айтты.

 

«Үкімет пен Парламент  өзінің жұмысын тек  мемлекеттік тілде жүргізуі керек. Басқа азаматтарды, ешкімді ренжітпеу үшін оларға синхрондық аудару мүмкіндігі бар. Содан кейін латын қарпін үйренумен бірге қазақ тілін үйренудің жеңіл тәсілдерін жолға қою қажет. Ақпарат құралдарында «Мемлекеттік тіл басымдылығы күшейе береді» деп айту керек. Қазірден бастап көше­лердің, дүкендердің, мекемелердің атын ептеп-ептеп мемлекеттік тілге көшіре беру қажет. Сонда қазақ тілінің дәрежесі көтерілетін болады», – деді Президент.

 

...Сол күннің ертеңіне болған Пар­ламент отырысы толықтай дер­лік қазақ тілінде өтті. Тек Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қана баяндамаларын орыс тілінде жасады. Яғни бәрі бірдей мемлекеттік тілде сөйлесе де ештеңенің бүлініп кетпейтінін жұрт түсіне бастаған сияқты.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ