Полиция полковниктері қамауға алынды

02.03.2018
Қаралды: 234

Тараз қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы мен батальон ко­мандирі қамауға алынды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлт­тық бюроның баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Жарияланған деректе Тараз қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Ж.Бүйтеков пен батальон командирі, полиция полковнигі Б.Жол­дасбековтің бағынышты бөлім қызметкерлерінен оларды қолдап, қорғап жүргені үшін ақша жинап алып отырғаны туралы айтылады. Оларға биыл­ғы жылдың қаңтар – ақпан аралығында осындай жолмен 700 мың теңгеден аса ақша алған деген күдік келтіріліп отыр.

Бұл екі азамат бүгінде уақытша оқшаулау абақтысына қамалған, тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ