Анемияға ұшыратпайтын ұн таңдай біліңіз

02.03.2018
Қаралды: 298

Көктемге қарай көп адамдарда анемия байқалатыны белгілі. Ол адамның тұтынатын ас мәзіріне де байланысты. Осы орайда әсіресе ұнды қажетті заттармен байытудың ролі зор. Оны фортификация деп атайды.

 

Фортификация – ұн тарту кезінде оған аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды (премикс деп аталатын витаминді-минералды кешен) қосу процесі. Ол ұнның сапасы мен қоректілік құндылығын арттырады. Ұнды тартуда жойыл­ған дәрумендер мен минералдар фортификациялау кезінде оған қайтады.

 

Темір тапшылығы анемиясы ауруының алдын-алуда жоғарғы және бірінші сұрыптағы фортификацияланған  бидай ұнын пайдалану өте маңызды. Байытылған өнімді тануға «heаlthy food» (сапалы азық) логотип белгісі көмектеседі.

 

Адам денсаулығына қаупі бар мәселелердің  бірден-бірі – темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіс­пеушілігі салдарынан болатын теміртапшылығы анемиясы. Оған ұшырағанда ағза тіндеріне оттегі жетіспейді, темірдің  жетіспеушілігінен кейбір ферменттердің белсенділігі бұзылады. Әйелдерде жүктілік пен босану кезіндегі өмірге қатер төнетін кездер бар. Олар аз салмақтағы балаларды жиірек  босанады. Анемия кезінде шала тууға, кутпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулыққа әкелу қауіп-қатері жоғары деңгейде кездеседі. Жас балалардың дене бітімі (психомоторлық) дамуындағы жетілмеуі және  әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды  экологиялық факторларға қарсылығы нашарлайды. Анемия кесірінен жүрек-тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа жүйелердің функциялары бұзылады. Дене күші мен  төзімділік азаяды, соның салдарынан жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді.

   

Темір тапшылығы анемиясы кезінде тері жамылғысы мен шырышты қабықтардың бозаруы, тәбеттің болмауы, қалыптан тыс әуестенушіліктің туындауы (еттен бас тарту, бор, әк, топырақ, саз жеуді қалау), ащы иістерге (керосин, бензин, ацетон) құмарлық байқалады. Шаш сынғыш, күңгірт, талшық тәріздес болады,  түседі. Тырнақ сынғыш, жайпақ, ортасында латералды және соңғы жақтары көмкерілген, қасық пішінді болады.

 

...Қысқасы, темір тапшылығы анемиясының алдын-алып, өз денсаулығыңызды  қорғау үшін фортификацияланған жоғарғы және бірінші сұрыпты  бидай ұнын пайдаланыңыздар демекпіз.

 

Ш. КӨКЕБАЕВА,

Оңтүстік Қазақстан облысы

қоғамдық денсаулық

сақтау департаментінің жетекші маманы.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ