Госпиталь дәрігерлеріне дән ризамыз

27.02.2018
Қаралды: 287

Жас келген сайын адам кісілік пен имандылықтың қадірін терең түсінеді екен. Өзіңе жақсылық жасағандарға ізгі лебізіңді арнағың келіп тұрады. Осы орайда мен Астана қаласындағы соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь қызметкерлеріне деген алғысымды жеткізгім келеді.

 

Биылғы қаңтар айында атал­ған госпитальде емделген едім. Негізі сапалы қызмет көрсететін бұл мекемеде осыдан 3 жыл бұ­рын, 2015-жылы да болғанмын. Жақсы қызмет көрсетеді. Басшысы –  Ресейдегі Челябі облысында туып-өскен, еңбегі сіңген дәрі­гер Әділхан Абдуллин деген азамат.

 

Бұл жолы да мекеме басшысы бізді жақсы қабылдады. Барша жауапты мамандарымен бірге тиесілі дәрігерлік қызметін көрсетті. Әділ­хан Әмірханұлы дәрігерлік, басшылық міндетімен шектеліп қалмайды, ол үкіметтің саясатын қолдап, насихаттап жүреді, қарттарды қадірлейді, қарамағындағылардың сапалы қызмет көрсетуін қа­да­ғалап отырады. Сол үшін де жұрт­шылықтың ұжым басшысына, мекеме қызмет­кер­леріне деген алғысы көп.

 

Госпитальдегі кардиология бө­лі­мінің басшысы Абай Нұржанов, ем­деуші дәрігер Роза Жанғазиева, аға медбике Жадыра Сәрсен­бай­қызы, медбикелер – Айкүміс Ибраева, Гауһар Асқарова, Алмагүл Алғазина, Сымбат Сағадатова емде­лушілерге сапалы қызмет ететінін көріп риза болдық. Бәрі де ізетті, мәдениетті, қайырымды жандар. Ең бастысы, өз істерін жоғары жауап­кершілікпен атқарады.

 

Қысқасы, Астанадағы бұл емдеу орталығынан біз барлық мекемелерде жұртшылыққа осындай қызмет көрсетілетін болса ғой деп сүйсініп қайттық. Біздің Елордадағы соғыс және еңбек ардагерле­ріне арналған орталық клиникалық госпиталь қызметкерлеріне деген алғысымыз көп. Оларға мол жақсылықтар ті­лейміз.

 

Әзімхан қажы ҚУАНЫШБЕК,

Сайрам ауданының

Құрметті азаматы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ