«ГМО» деген не нәрсе?

27.02.2018
Қаралды: 473

Бізге телефон шалып, генетикалық модификацияланған организмдер дегеннің не нәрсе екенін сұраушылар бар. Осыған орай бұған газет бетінде түсініктеме бере кетуді ұйғардық.

 

Генетикалық модификацияланған организмдер (қысқаша – ГМО) деге­німіз – гендік кодына бөтен гендер қосылған ағзалар. Олардың шығу тарихы төмендегідей.

 

АҚШ ғалымдары 1983-жылы биологиялық қару жасау барысында ал­ғаш рет гендік модификацияланған өсімдіктер шығарған. Кейіннен оларды  суыққа төзімді ете бастаған. Ал қазіргі таңда  ГМО әлемде кеңінен таралып отыр.

 

ГМО – гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Мысалы, картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Томатқа қарасақ, ол суыққа төзімді әрі үсімейді.  

 

Бүгінде кеңінен тараған  гендік  модификацияланған дақылдарға соя, жүгері,  бидай, қызылша, картоп жатады.

 

ГМО-ның қауіптілігі – ол жасушаларды мутацияға  ұшыратады, иммунитетті төмендетеді, аллергиялық реакциялардың өліммен аяқталуына, ісік ауруларына соқтыруы мүмкін. Тіпті адам сілекейі мен ішек микрофлорасында зат алмасуды бұзып, адамда тұқым қуалаушылық аурудың туындауына апарып соғуы ықтимал.

 

Неміс ғалымдары ГМО өнімдерін көп қолданған  халықта тұқым қуа­ла­у­шылық аурулардың тіпті нәрестелерде де кездесетінін атап өткен. Сондықтан бұл өнімнің орнына табиғи өнімді қолданған дұрыс.

 

 Б. КУЛИМОВ,

Шымкент қаласындағы Абай ауданы қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының техникалық

регламенттер талаптарының сақталуын бақылау

бөлімінің бас маманы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ