Сақалға, хиджабқа қарсымын

27.02.2018
Қаралды: 367

Бүгінде кейбіреулер қауғадай қылып сақал қойып, енді біреулер сүметілдіріп хиджаб киіп жүр. Ерік берсе, бәрімізді де соған үйреткісі келетіндер бар. Ал бұлайша әрекет етуді мен қайтадан феодалдық дәуірге бет алу дер едім.

 

Қазақ қыздары баяғы заманда да хиджаб, паранжа дегенді кимеген. Ал бүгінде хиджаб киюге тыйым салу жөнінде әңгіме қозғалған сайын ондайлар көбейе түсуде. Ме­ніңше, бұған тыйым салумен қоса оларды заң алдында жауапқа тарту керек.

Сондай-ақ бүгінде қауғадай етіп сақал қоюшылар күннен-күнге көбейіп келеді. Мен мұны да дұрыс көрмеймін.

 

Менің жасым қазір 72-де. Осы жасыма дейін бір рет те сақал қойғаным жоқ, себебі ол адамға көп кедергі келтіреді. Сақал түрлі микробтар, бактериялар орналасуына қолайлы. Өзіңе де қолайсыздықтар туғызады. Сонда оның қажеті қанша?

 

Техникалық прогресс дамып тұрған кезде қайтадан феодализмге бет бұруды қалай түсінуге болады? Бұл адамдар не істеп, не қойғанын өздері де түсінбейтін дәрежеге жеткені ме?

 

Егер де жоғарыдағылар сақал өсіріп, хиджаб киюге қатысты заң шығарса, тәртіпке көнбегендерді жауапқа тартып жатса, мен өз басым осыны дұрыс деп қолдар едім.

 

Қысқасы, бізге қауға сақал қоюдың ешқандай қажеті жоқ. Әйелдерге, қыздарға хиджаб кигізудің де керегі жоқ. Қоғамды бірыңғай тәртіпке келтіру керек. Әйтпесе жұрттың бет-бетімен жа­йылып кететін түрі бар.

 

Айдарбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ

Айдарбек қарияның байланыс телефоны: 8-702-485-01-83.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ