Таяуда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысқаны белгілі. Министрлікті осыған дейін, яғни 2013-жылдан бері басқарған Тамара Дүйсенова қызметінен босатылған болатын.
Кешегі аптада Т.Дүйсенова жаңа қызмет алды, «Нұр Отан» партиясы төрағасының шешімімен ол партия хатшысы болып тағайындалды.
Т.Дүйсенова кезінде Сарыағаш ауданы, Шымкент қаласы әкімдерінің, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған болатын. Сондай-ақ ол кісінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 10 жылдай еңбек еткені, кейінгі бес жылға жуық уақытта оған басшылық жасағаны мәлім.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!