Берік Бекжанов Оңтүстікке оралды

26.02.2018
Қаралды: 302

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы ауысты. Бұл қызметті Берік Бекжанов атқаратын болды.

 

 

Берік Айдарбекұлы Бекжанов 1967-жылы өмірге келген. ҚазМҰУ-дің заң факультетін, Жоғарғы Сот жанындағы  соттар мен сот жүйелері қызмет­керлерінің біліктілігін арттыру институтын бітірген. Еңбек жолын құқық қорғау органдарында бастаған, тергеуші, судья, сот төрағасы, облыстық соттың әкімшісі, 4-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жер­гілікті департамент басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметтерін ат­қарған.

 

Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығын осыған дейін басқарып келген Ғани Қарабеков енді басшының орынбасары қызметін атқарады.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ