Бауыржан Бердімұратов – филиал директоры

26.02.2018
Қаралды: 402

«Қазақстан» телера­дио­корпорациясы облыс­тық филиалына жаңа директор тағайындалды. Бұл қыз­метке Бауыржан Бердімұ­ратов келді.

 

 

Бауыржан Қамбарұлы Бердімұратов 1974-жылы Ордабасы ауданында туылған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық универ­ситетін – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мәскеу Мемлекеттік университетін – экономика және басқару мамандықтары бойынша бітірген. Кезінде Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болған, «Рахат ТВ» телеарнасында жауапты қызметтер атқарған. 2010 – 2015-жылдар аралығында аталған телеарнада директор – бас редактор болды. 2016-жылдан бері облыс әкімі баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары болып келді.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ