Уәли Қыдыр Астанаға ауысты

26.02.2018
Қаралды: 229

2013-жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып келген Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды. Ол Астанаға ауысып, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасының іс басқарушысы қыз­метін атқаратын болды.

 

 

Уәли Сағындықұлы Қыдыр 1975-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚазМҰУ-дің журналистика фа­куль­тетінің түлегі. Кезінде бірнеше республикалық басылымдарда еңбек еткен, Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы болған, «Қазақ газеттері» серіктестігінде, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ