Қыз жасауына қосуға лайық

26.02.2018
Қаралды: 453

Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Иассауи атындағы ХҚТУ профессоры Бегман Ысқақтың «Қызым, саған айтам...» деп аталатын кітабы жарық көрді. Бұл – ұлт мұрасын, рухани құндылықтарымыздың  жастар жадынан өшіп кетпеуін ойланған, ұлттың іргерілеуіне қызмет етуді мақсат тұтқан аса қажетті еңбек.

 

 

Саналы ғұмырын қазақ тілінің дамуына арнаған Бегман Ысқақ ағамыздың 150-ге тарта ғылыми-зерттеу мақаласы мерзімді басылымдарда жариялан­ған. Оның авторлығымен 4 монография, 20 оқу-әдістемелік құрал жарық көрген. Ол 2013-жылы «Үздік жазушы» номинациясының иегері болып танылған.  Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін 2017-жылы Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен,  осы жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі үшін  Президент Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған. «Қазақ Елі», «Менің ардақты ағаларым», «Қызым, саған айтам...» атты көркем шығармаларының барлығы дерлік ұрпағымыздың бағына қызмет ететін айтулы дүниелер.

 

 P.S. Әлеуметтік желіге осы кітап туралы жазғанымда бірнеше мектептерден қыздар клубына өте керек дүние екен деген ұсыныс түсіп жатты. Ендеше, тектілікке тәрбиелейтін бұл кітапты дәстүріміздегі «Қыз жасауының» бір дүниесі етіп қосуды қолға алсақ, сол бастама әлдеқайда маңыздырақ болар еді.

 

Құрал КӨМЕК,

Халықаралық Физули сыйлығының иегері.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ