Қазақ баласы қайыр сұрамасын деп тілеймін

26.02.2018
Қаралды: 273

Кейде менің қаланың орталық көшелеріне  барып  серуендейтін кездерім болады. Осындайда, әсіресе  автобус Тәуке хан даңғылына жеткенде 8 – 11 жастар шамасындағы баланың: «Кө­мектесіңдерші...» – деген жалынышты даусы естіледі де, сосын жұрт арасынан өзі көрініп,  қолын жайып, жұрт­ты жағалап шығады. Мұн­дайда мен тіксініп қаламын. Сосын қайыр сұрағандардың басқа ұлттан екенін көріп жүрегім орнына түседі.

 

Біздің жастық шағымыз соғыс­тан кейінгі қиын кезеңге тап келді, бүкіл бір ауыл халқы қайыршы болып кетудің алдында өмір сүргенін көзіммен көріп өстім. Бірақ біреуге біреу қолын жа­йып, қайыр сұраған емес еді. Бірінің жетпегенін бірі жеткізіп, жарты нанды теңдей бөліп жейтін.

 

Мен сол замандағы адамдардың ділінің тазалығына қайран қаламын. Ал қазір кекіре тұрып қайыр сұрайтындар көп, тіпті кей балалар ермекке қайыршылық жасап жүр. Жаман нәрсе індет сияқты жұққыш келеді ғой. Оның үстіне біз еліктегіш халықтың ұрпағымыз. Арасында қазақ баласы бүгін жоқ болғанымен ертең соларға еліктеп қайыр сұрап жүрмесіне кім кепіл  болады?

 

Сол еліктегіштігімізден келім­сек басқа ұлттардан арақ ішуді үйрендік те, кейін олардан оза ішетін болдық. Содан қазақтардың арасында маскүнем қаңғы­бас­тар шыға бастаған еді. Енді кей балалар сол еліктегіш ауруымыздан зардап шегіп, қайыршылық жолға түсіп, қаңғырып жүр­месе деп қорқамын. 

 

Сонда оларға кім тыйым салады? Негізінен мұндай балалармен әңгіме өткізіп, ата-анасын анықтап, оларға ескерту жасау керек-ау!

 

Қ. БЕКЖАН,зейнеткер.

Шымкент қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ