Қазақ қызы Беларусь құрамасы қатарында Олимпиада чемпионы атанды

26.02.2018
Қаралды: 379

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиадада Қазақстан құрама командасы алдыңғы қатардан көріне алмай тұр. Әзірге тек фристайлдың могул түрінен ғана 1 қола медальға қол жеткізілді. Пхёнчхан Олимпиадасының қола медалін Юлия Галышева ұтып алды.

 

 

Дегенмен 22-ақпанда қазақтарды қуантқан бір елеулі оқиға орын алды. 2018-жылғы 22-ақпан күні қазақ қыздарының арасынан тұңғыш қысқы Олимпиада чемпионы шықты.

 

Бұл күні шаңғы спортынан Белоруссия құрама командасының мүшесі, қазақ қызы Динара Әлімбекова алтын медаль иеленді. Яғни биатлоннан белорус құрама командасы Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Динара – осы команданың белді спортшысы.

 

Динара 1996-жылы Қарағанды облысындағы Абай қаласында өмірге келген. Әкесі – қазақ азаматы, анасының ұлты – белорус. Олар 1996-жылы Беларуссияға қоныс аударған. Динара 11 жасынан шаңғы спортымен айналысқан. Могилев облысының Чаусы қаласындағы спорт мектебін бітірген. Биыл дене шынықтыру университетін тәмамдамақ.

 

Динара биатлонмен 12 жасынан бері айналысады. Ол кезінде жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаттарында, халықаралық дәрежедегі жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алған, 2015-жылы Беларуссияда шаңғы спортынан болған Әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізген. Енді, міне, Олимпиада чемпионы атанып отыр.

 

Динара Әлімбекова – Олимпиаданың ең жас чемпионы. Оның жасы таяуда ғана 22-ге толды.  Динараның өзінен кіші Евгений деген інісі мен Ульяна есімді сіңлісі бар.

 

Динара Әлімбекованы Беларусь Президенті А.Лукашенко «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапаттады.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ