1 миллион доллар тұратын торт

27.02.2018
Қаралды: 514

Біріккен Араб Әмірліктерінде құны 1 миллион долларлық тойға арналған торт жасалды. Авторы – ұлыбританиялық дизайнер әйел Дебби Уингхэм. Дубай қаласында өткен арнайы көрмеде бұл тортты мыңдаған адам тамашалады.

 

 

«Араб қалыңдығы» деп аталатын бұл торттың жасалуына 10 күн жұмсал­ған. Бойы 180 сантиметрді құрайтын, салмағы 120 килограмм тартатын алып тәттіні көрмеге жеткізуге 8 жүк көлігі қызмет еткен.

 

Тортты жасауға мәмпәсидің хош иісті жұмсақ түрінен 50 килосы және бірнеше қабатталған жеңіл тәтті печенье (бис­квит), 25 кило шоколад жұмсалған. Мәмпәсидің өзінен 5 мың гүл жасалыпты, ондағы жеуге жарайтын «меруерт­тердің» (жемчуг) өзі 10 мыңнан асқан. Онда желінбейтін тек «көйлек» пен «бас киімге» тағылған 5 үлкен гауһар тастар (бриллиант) болған. Олардың әрқайсысының құны 200 мың доллар тұрады. Сондықтан да шебер өз туындысын «Миллион доллар тұратын қалыңдық» деп атаған екен. Ол «қалыңдыққа»  Лулуа, яғни Меруерт деген ат қойған.

...34 жастағы Д.Уингхэм Дубайды өзінің екінші үйі санайды. Бүгінде оны әлем жұртшылығы дүние жүзіндегі ең қымбат дизайнер деп таниды. Оған алпауыт байлар жиі тапсырыс береді. Мысалы, өткен жылы арабтың бір байы қызын ұзатарда оған арнайы торт жасатқан болатын. Бір жарым айдай уақыт жұмсалып істелген сол торттың салмағы 450 кило тартқан. Сән көрсететін баспалдақты сахна түрінде жасалған оның ұзындығы 2 метрге жуықтаған. Ал бұл торттың құны 75 миллион доллар бол­ған еді.

 

Сондай-ақ Д.Уингхэм 2 мың гауһар тас қосып, құны 18 миллион доллар тұратын той көйлегін, 16 миллион долларға бағаланған аяқ киімді жасаған шебер.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ