Мұратбек Әмірбеков – департамент басшысы

22.02.2018
Қаралды: 351

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы ауысты. Атал­ған мекемені 2014-жылдың қараша айынан бері басқарып келген Бақтияр Аталықов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмысынан босатылды. Бұл қызметті енді Мұратбек Әмірбеков атқаратын болды.

 

Мұратбек Есенбекұлы Әмірбеков 1981-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. «Тұран-Астана» Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003-жылы Алматы облысындағы Қапшағай қаласында прокурордың көмекшісі болып бастаған. Кейін Әділет министрлігінде  бөлімнің бас маманы, Президент Әкімшілігінде құқық қорғау және сот саласы мәселелері жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің де­партаментінде басқарма басшысы болған. 2009 – 2018-жылдар аралығында Парламент Мәжілісі аппаратының бірқатар бөлімдерінде жауапты қызметтер атқарған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ