Дархан Мыңбай – Мәжіліс депутаты

21.02.2018
Қаралды: 340

2017-жылдың наурыз айынан бері Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігіндегі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып келген Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісі депутатының мандатына ие болды. Ол «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының Қаулысымен депутат болып тағайындалды.

 

Д.Мыңбайдың кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық мұражайдың директоры қыз­меттерін абы­роймен ат­қарғаны белгілі.

 

Біз Дархан Қамзабекұлына жаңа қызметте де абырой биігі­нен көріне беріңіз деген тілек білдіреміз.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ