Мәдина Әбілқасымова министр болды

21.02.2018
Қаралды: 335

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нис­тр­лігінде басшы ауысты. Бұл қызметті Мәдина Әбіл­қасымова атқаратын болды.

 

Мәдина Ерасыл­қызы Әбілқасымова – Парламент Мәжі­лі­сінің 5 және 6-шақырылымдарының депутаты болған, 2005-жылғы Президент сайлауына үміткер болып қатысқан саясаткер Ерасыл Әбілқасымовтың қызы. Ол 1978-жылы Алматы қаласында өмірге келген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, АҚШ-тың Колумбия университетінде, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде оқыған. Еңбек жолын 1999-жылы еліміздің стратегиялық жоспарлау агенттігінде бас маман болып бастаған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Премьер-министр Кеңсесінде, Президент Әкім­шілігінде, Экономикалық даму және сауда минис­трлігінде лауазымды қызметтер атқарған. 2014-жылдың тамыз айынан бері Ұлттық экономика минис­трінің бірінші орынбасары болып келді.

 

...Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігін осыған дейін, яғни 2013-жылдың маусым айынан бері басқарып келген  жерлесіміз Тамара Дүйсенова да қызметсіз қалмас деп ойлаймыз.  Өйткені Тамара Босымбекқызының өз ісін адал ат­қаратын, халық арасында абырой-беделі бар білікті маман екені белгілі.

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ