Қала прокуроры парамен ұсталды

20.02.2018
Қаралды: 225

Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының прокуроры Ержан Тұрысбеков пен осындағы әскери прокуратураның аға прокуроры О.Раджабов пара алу үстінде қолға түсті.  Оларды Бас Прокуратураның Ішкі тексеру бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Ал бұл прокурорлар С.деген азаматты қылмыстық істен құтқару үшін одан 1000 доллар талап еткен екен. Қазір осы іске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Е.Тұрысбеков – Алматы облысындағы Лепсі ауданының тумасы. Жасы – 40-та. Прокуратура саласында 15 жыл еңбек еткен. Кезінде Бас Прокуратурада департаменттің аға прокуроры болған. Приозерск қаласының прокуроры қызметіне 2016-жылдың ақпан айында тағайындалған екен.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ